ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАҒДАРЫ ҚАНДАЙ?

0 67

Асет

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзiрленiп, үкiмет отырысында бекiтiлдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Үкімет отырысының қорытындысы жөніндегі брифингте мәлім болды.

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, министрлер кабинеті бекіткен бағдарлама жобасы осы айдың аяғына дейін Президент әкiм­шiлiгiне жолданады.

Бұл – индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының екiншi бес жылдықтағы жоспары. Оның мақсаты – экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, экономиканың басым секторларын әлеуметтік тиімді дамытуды күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру, индустриялан­дыру үшін қолайлы орта құру және әлеуетті, ұтымды аумақтық ұйымдастыру негі­зінде экономикалық өсім орта­лықтарын қалыптастыру. Осы бағ­дарламаны жүзеге асыру арқы­лы Қа­зақ елі әлемнің ең дамыған 30 елінің қа­тарына қосылуды көздеп отыр.

Алдағы бесжылдыққа жоспар­ланған құжатта кластерлердi да­мытуға, ин­но­вациялық және техно­логиялық модернизациялауға ай­рықша маңыз берілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − five =