«ИНДУСТРИАЛЬНЫЙ КАЗАХСТАН» ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ «ГНПФ» ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНА ҚОСЫЛАДЫ

0 80

«Индустриальный Казахстан» ЖЗҚ» АҚ-ның акционерлері қорды тарату туралы шешім қабылдады. Тарату қорды «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ-на біріктіру арқылы Қазақстан Республикасы заңдарының барлық талаптарын орындағаннан кейін іске асады. Оның себебі – шағын жинақтаушы зейнетақы қорларының тиімділігі төмен болып саналады. Мұндай қорлар ірі қорлар сияқты орасан әкімшілік шығындар жұмсайды, ал бұл жағдайда ірі қорлар айналымының ауқымдылығына байланысты әжептәуір пайдаға кенеліп отырады. «Индустриальный Казахстан» зейнетақы қоры үшін өз қызмет аясын кеңейте түсу баламалы амал болар еді, бірақ оған қосымша инвестиция жұмсау қажет.

«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ бірігуге ең қолайлы қорлардың бірі болды, өйткені, бұл қор көптеген көрсеткіштері бойынша зейнетақы нарығының көшін бастаған үздіктер үштігінің сапында келеді. 2012 жылдың 12 наурызынан бастап «ГНПФ» зейнетақы қоры осы нарықтағы комиссиялық сыйақының минималды деңгейін инвестициялық табыстың 12%-ы және зейнетақы активтерінің ай сайынғы 0,0375%-ы мөлшерінде белгіледі. Комиссияны кеміту арқасында 6 айға жетпейтін уақыт ішінде қор салымшылар шотына 700 млн теңгеден аса ақша бөлді.

«Кейбір кінәмшіл жандар арасында «Индустриальный Казахстан» қорының активтерін біріктіру «ГНПФ» қоры салымшыларының жинақталған қорланымына кері әсерін тигізеді деген пікір бар. Біріншіден, «Индустриальный Казахстан» қорының активі «ГНПФ» қызметіне кері ықпал етердей соншалықты көп емес. Екіншіден, бұл түбірінен қате пайым, себебі, «Индустриальный Казахстан» қорының активтері, «ГНПФ» активтеріне қосылмас бұрын, міндетті түрде нақты нарық баға бойынша бағалау операциясынан өтеді. Біз «ГНПФ» қорын ірілендіру екі қордың да басымдықтарын ұластырады да, жағымды нәтижелерге жетулеріне жол ашады» дейді «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ-ның басқарушы директоры Руслан Ерденаев.

Біріктіргеннен кейін «Индустриальный Казахстан» зейнетақы қоры салымшыларының қорланымы 15 жылдық тұрақты жұмыс тәжірибесі бар ірі зейнетақыны қорына түгелдей аударылады. Соған өту арқылы салымшылар көптеген басымдыққа ие болады. Қазіргі кезде «ГНПФ» зейнетақы қоры қалыптасқан дәстүрге сай өз қызметін дамытуды – көрсетілетін барлық қызмет түрлерінің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуды, қорға сеніп тапсырылған зейнетақы қорланымдарын басқару тиімділігін арттыруды, сол арқылы өз салымшыларының зейнетіне қаржылай еркіндік өрісін ашуды жалғастыра береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − twelve =