Таеквондодан екі халықаралық жарысқа арналған баспасөз жиыны ұйымдастырылды

Таеквондодан екі халықаралық жарысқа арналған баспасөз жиыны ұйымдастырылды
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Астанада Алтай одағы чемпионаты мен Kazakhstan Open турнирі қарсаңында баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға World Taekwondo президенті Чунгвон Чо және Қазақстан таеквондо федерациясының басшылығы қатысты.

Халықаралық федерация басшысы Қазақстанның ірі спорттық жарыстарды жоғары деңгейде өткізу тәжірибесін атап өтіп, алдағы Гран-при финалы мен әлем чемпионатын қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде федерация президенті Кудрәт Шамиев елде таеквондоны дамытудың жаңа кезеңі басталғанын айтып, мұндай турнирлер спортшылар үшін маңызды тәжірибе алаңы екенін атап өтті.

Айта кетейік, 22–23 маусымда елордада алғаш рет Алтай одағы чемпионаты өтеді. Ал 25–27 маусым күндері Kazakhstan Open халықаралық турнирі өткізіледі.