Қазақстандық қоғамдық даму институты елімізде азаматтардың жаңалықтарды бірінші болып қайдан оқитыны туралы талдау нәтижесін жариялады. Сол талдау бойынша интернет алға озып шықты, яғни әлеуметтік желілер мен жаңалық сайттарын негізгі ақпарат көзі ретінде респонденттердің 54,3%-ы атаған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бірақ теледидар да өз орнын сақтап отыр: сауалнамаға қатысқандардың 47,8%-ы көгілдір экраннан көз жаза қоймаған. Маңыздысы - бұл ақпарат көздерінің екеуі өзара бәсекелес емес: деректерге сүйенсек, біреуін пайдалану екіншісіне деген сұранысты еш азайта қоймаған.
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, жаңалықтар білудің басты арнасы ретінде Instagram әлеуметтік желісі көш бастап тұр - оны респондеттердің 59,4% ақпарат көзі ретінде пайдаланады.
Екінші орында WhatsApp - 51%. Ал үшінші орында YouTube (30%)және TikTok (30,8%) орналасқан, бұл желілердің ақпарат көзі ретіндегі үлесі бірдей деуге де болады.