Елорданың даму бағытын айқындайтын басты құжат – Бас жоспар. Ол 2024 жылдың қаңтарында Үкімет қаулысымен бекітілген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осы жоспардағы негізгі бағыт – Астананы жаһандық орталық және өмір сүруге қолайлы, инклюзивті қала ретінде қалыптастыру. Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай елорда халқының саны 2,28 миллион адамға жетеді деп болжанып отыр. Осы көрсеткіш бойынша барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандары есептелген. 2035 жылға қарай бас қалада 374 мектеп; 378 балабақша; 184 денсаулық сақтау нысаны; 140 спорт және мәдениет нысаны; 23 оқушылар сарайы жұмыс істеуі тиіс.