Нұра ауданының прокуратурасы лагерьде профилактикалық іс-шара өткізді

Нұра ауданының прокуратурасы лагерьде профилактикалық іс-шара өткізді
фото: видеоскрин

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Нұра ауданының прокуратурасы №97 гимназияның жазғы лагері тәрбиеленушілері үшін профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесудің негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Интерактивті ойын форматында балалар алаяқтықтың алдын алу, жол жүрісі қағидаларын сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша тақырыптық тапсырмаларға қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар аудан прокурорының атынан грамоталармен және ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.