Мектеп асханаларында тыйым салынған тағамдар мен азық-түліктер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құжаттары, яғни тамақтану стандарты және тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптары арқылы реттеледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның айтуынша, стандарттардың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес мектептің тамақтану блогында:
- үй жағдайында дайындалған қышқыл: йогурт, сүзбе, айран сүт өнімдерін;
- салқын ет тағамдары мен жартылай (зельц пен форшмактар, холодец мен паштеттер) фабрикаттарын;
- терең термиялық өңдеуден өтпеген ет және жұмыртқа тағамдары: флотша макарон (тартылған етпен), фарш салынған құймақтар, шала піскен (всмятка) жұмыртқа, қуырылған (глазурь) жұмыртқасы, пастерленбеген жұмыртқадан дайындалған омлеттерді;
- кремі бар кондитерлік өнімдерін;
- өздігінен дайындалған (морс, квас) сусындарын;
- фритюрде қуырылған өнімдер: пончиктер, чебуректер, фри картобын;
- құрамында 4-тен астам компонент бар салаттар, сондай-ақ қаймақ немесе майонез қосылған(окрошканы қоса) кез келген күрделі және дәмделген салаттарды;
- кез келген түрде саңырауқұлақтарды;
- тез дайындалатын құрғақ тағам концентраттарына негізделген бірінші және екінші (еритін сорпалар, кеспе) тағамдар - концентраттарды;
- үй жағдайында (өнеркәсіптік емес тәсілмен) дайындалған тамақ өнімдерін,
- фастфуд өнімдері: гамбургерлер, хот-догтар, пицца мен чипсы, кептірілген нан өнімдері, «кириешки» тәрізді өнімдер;
- тұтынушы қаптамасындағы шоколад, кәмпит, печенье сияқты тәттілерді;
- газдалған және денсаулыққа зиянды сусындар: тәтті алкогольсіз сусындар, газдалған сулар, алкогольсіз энергетикалық (сергіткіш) сусындар, диффузиялық концентрацияланған шырындар, сондай-ақ, кофе және кофе сусынын;
- ащы қоспалар: ащы соустар, кетчуптар, күйдіргіш дәмдеуіштер (бұрыш, желкек (хрен), қышаны (горчица) дайындауға және өткізуге тыйым салынады.
Тағам дайындау үшін пайдалануға тыйым салынған шикізаттар мыналар:
- мұздатылған ет: қайта мұздатылған өнімдер, мұздатылған құс еті, шошқа еті мен қой еті (жекелеген диеталар үшін), сондай-ақ субөнімдер (бауыр, тіл және жүректен басқа);
- ішек-қарны тазартылмаған құс еті және жабайы жануарлардың еті;
- қабығы зақымдалған жұмыртқалар, сондай-ақ суда жүзетін құстардың жұмыртқалары мен еті;
- жарамдылық мерзімі өткен немесе оның қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ тамақ өнімдері.
-Ережелердің сақталуын мектеп әкімшілігін, медицина қызметкерлерін және ата-аналар комитеттерінің өкілдерін қамтитын бракераж комиссиялары қадағалайды. Балаларға дайын тағамды берер алдында органолептикалық бағалау (дәмі, иісі, сыртқы түрі) жүргізіледі. Бағалау нәтижелері арнайы журналға енгізіледі. Бұл шаралар балалардың денсаулығын қант, тұз және трансмайларды шамадан тыс тұтынудан қорғауға бағытталған, - дейді маман.