Мейірбикелердің мейрамы

Мейірбикелердің мейрамы

Елімізде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай елордалық ақ халаттылар Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда бас қосты. Мейірімді жандар қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, қабырғаға қолтаңба қойды. Бұдан кейінгі салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты, деп хабарлайды http://astana-akshamy.kz

- Бүгінгі көңіл күйіміз керемет. Мерекенің есте қалатын бір ерекшелігі 

қабырғаға қолтаңба қойдық. Қызыл кілем үстімен жүріп өттік, арнайы суретке түстік. Осының барлығы бізге керемет әсер сыйлады. Осы сәтті пайдалана отырып, барлық әріптестерімді мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!, -деді №9 қалалық емхананың дәрігері Бейбітгүл Жарасбаева. 

Филармония залына жиналған мейірбиікелердің қарасы қалың. Құшағы гүлге толған қыз-келіншектер салтанатты шараның сәнін келтірді. Шара барысында ең үздіктер марапатталды. 

- Жыл сайынғы өтетін іс-шара биылғы жылы да жалғасын тауып отыр. 

Шараға Астана қаласының дәрігерлері яңни барлық мамандары, ардагерлері қатысып отыр. Жыл қорытындысының нәтижесі бойынша марапатталады. «Ең үздік дәрігер», «Ең үздік фельдшер», «Ең үздік педиатор» деген секілді 8 номинация бар. Биылғы бір ерекшелігі Жасанды интелектіге байланысты болып отыр, -деді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдын Әшімханов.