Елордада Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «Walk the Talk» жүгіру жарысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, денсаулықтың маңыздылығын дәріптеуге және медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетуге арналды.
Жарысқа 500-ге жуық адам қатысты, олардың қатарында медицина қызметкерлері, Астана медицина университетінің студенттері және Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымы бар.
Қатысушылар 1,5 шақырым қашықтықты бірге жүгіріп өтіп, денсаулық пен белсенді өмір салтын қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті.
Іс-шара достық және мерекелік атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.