Колледж студенттерімен кездесті

Колледж студенттерімен кездесті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Сарайшық ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сонымен қатар қатысушыларға жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Тоғыз тағдыр» қысқаметражды сериалының 9 бөлімі көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өскелең ұрпақтың бойында заңға бағыну қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.