Елордада мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда

Елордада мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өндірістік ортадағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында құрылыс нысандарында түсіндіру науқанын жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осы бағытта мамандар «Invest City» ЖШС нысандарында болып, мұнаралы кран иелерімен кездесу өткізді. Жиын барысында жүк көтергіш механизмдерді мемлекеттік есепке қою тәртібі, техникалық куәландыруды уақтылы жүргізу және жабдықтарды пайдалануға қатысты заңнамалық талаптар жан-жақты талқыланды.