Донорлық көрсеткіш бойынша Астана, Алматы және Шымкент көш бастап тұр

Донорлық көрсеткіш бойынша Астана, Алматы және Шымкент көш бастап тұр
фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі. Қазақстанда жыл сайын 200 мыңнан астам азамат қан доноры атанады. Донорлардың саны бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары алдыңғы орында, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл ірі қалаларда халық санының көп болуына байланысты қан мен донорларға деген қажеттіліктің де жоғары болуымен түсіндіріледі. Донорлардың азаматтық жауапкершілігі мен жанашырлығының арқасында еліміздің медициналық ұйымдары күн сайын операциялар жүргізуге, онкологиялық ауруларды емдеуге, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, ауыр жарақат алған пациенттер мен жаңа туған нәрестелерге көмек көрсету үшін қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етіледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша республикада қан мен оның компоненттерінің 255 255 донациясы жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш азаматтардың жоғары әлеуметтік жауапкершілігін және қан қызметінің тұрақты дамуын айғақтайды.

Донорлық қозғалыста құрметті донорлардың орны ерекше. Олар – қан мен оның компоненттерін 50 реттен астам тапсырған азаматтар. Олардың өтеусіз донорлықты дамытуға және адам өмірін сақтап қалуға қосқан.