Бүгін Астанадағы "Азия парк" сауда ойын-сауық орталығындағы Арман кинотеатрында «Әбіл» толықметражды көркем фильмінің қазақстандық премьерасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
1993 жыл. Приватизация. Совет үкіметі құлап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кез. Қоғамдық экономикалық саясат социализмнен капитализмге ауысып жатты. Соған орай, бұғанға дейін мемлекетке ортақ боп келген қазына-мүлік халыққа үлестіріліп, жекешелендіруге өтпек. Бұл жекешелендіруден «Баянқазақ» колхозының шопаны Әбілдің де өз үлесі бар еді. Алайда, көп дүние ол ойлағандай болмай шықты.
Фильм 2022 жылы түсіріліп бастап, 2023 жылдың соңында толық дайын болды. Осыдан кейін фильм халықаралық фестивальдік сапарын бастап, Еуропа мен Азиядағы беделді кинофестивальдерде көрсетілді. Фильмнің әлемдік премьерасы 2024 жылы Busan International Film Festival аясында өтті. Кейін картина Азия мен Еуропадағы 10-нан астам халықаралық кинофестивальдің бағдарламасына еніп 10 жүлдеге ие болды.
Сценарий авторы және қоюшы-режиссер — Елзат Ескендір
Продюсерлер — Серік Әбішев, Сергей Әзімов, Ерлан Бекқожин
Халықаралық продюсер — Юлия Ким
Қоюшы-оператор — Йоланта-Анна Дылевска
Қоюшы-суретшілер — Сергей Копылов, Салауат Қабдолданов
Композитор — Ақмарал Мерген
Дыбыс режиссері — Илья Гариев
Кастинг директор — Нұрлығазы Қабдырақ
Атқарушы продюсерлер — Светлана Нам, Талғат Жұмасұлтанов
Креативті продюсер — Анна Вильгельми
Басты рөлдерде:
Әбіл — Ерлан Төлеутай
Шынар — Нұржан Бексұлтанова
Меңтай — Қайсар Депутат
Майра — Інжу Әбдібек
Көкіш — Нұртас Бақыт
Өміш — Мирас Бүркітжан
Аюп — Қайрат Кемалов
Рөлдерде:
Тәкен — Әлихан Лепесбай
Баха — Мереке Сүлейменов
Азат — Азат Нұртаев
Болат — Ұлан Нүсіпәлі
Зоотехник — Мейрам Қайсанов
Завферма — Ернар Тіленшиев
Болаттың шопыры — Олжас Мүслімов
Нұрбек, мал дәрігері — Ербол Шүкіров
Қасен — Ғазиз Сұрапбаев
Аюптың әйелі — Махаббат Сарқытбаева
Қали — Төлеубек Тұралықов
Өміржан — Нұрбек Мұқышев
Фильмдегі басты рөлді белгілі дәстүрлі әнші, композитор, публицист және өнертанушы Ерлан Төлеутай сомдады. Оның актерлік жұмысы халықаралық фестивальдерде жоғары бағаланып, бірнеше мәрте «Үздік актер» аталымының жеңімпазы атанды. Алматыдағы көрсетілім фильмнің халықаралық фестивальдік сапарынан кейінгі Қазақстандағы алғашқы кең ауқымды тұсаукесері болмақ. Көрсетілімнің басталуы: 19:30