Әлеуметтік желілерде «Әділет» партиясының атауын пайдаланып, оның атынан жалған ақпарат тарататын фейк аккаунттар көбейді. Осыған байланысты «Әділет» партиясы азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге үндейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Партияның барлық өзекті жаңалықтары мен ресми мәлімдемелері тек ресми ресурстарда жарияланады.
Сақ болыңыздар, арандатушылыққа ермеңіздер және таратылып жатқан ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеріңіздер.