Індетпен а­уырғандардың­ 76 пайызы емделіп шықты

0 27

Елордада қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің медицина ұйымдарының басшыларымен кеңесі өтті. Кездесу барысында індет жайы талқыланды.Карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде емханаларда эпидемиологиялық ахуал жақсарып, пневмонияның таралу қарқынының төмендегені байқалады.
Сондай-ақ карантин кезінде, яғни 6 шілдеден бастап стационар­ларда емделіп жатқан науқастар саны 4,4 есе азайып, төсек-орын қорының жүктемесі 90 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеді. COVID-19 инфекциясы расталып, ауруханаға жатқызылғандар саны 4,3 есе азайды. Пневмониямен ауыратын науқастар саны бес есе кеміді. Жедел жәрдем шақыру саны 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеді.
Бүгінде қалада 12530 індет жұқтырғандар тіркеліп, оның ішінде 9629 адам (76 пайыз) емделіп шықты.
Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары ­Бақтияр Мәкен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен медицина мекемелерінің басшыларына азаматтар тарапынан шағым тудырған науқастарға арналған электронды медициналық сервис – DamuMed қосымшасы мониторингін тұрақты негізде жүргізіп, сапалы сервис ұсынуын қамтамасыз етуді тапсырды.
– Бұл мәселе DamuMed ақпараттық жүйесінің жетілмегені, сондай-ақ көрсетілген қызмет туралы дәрігерлердің жазбасын кеш енгізумен байланысты. Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы бағдарламаның әкімшілігімен бірлесіп әрбір нақты жағдайға талдау жүргізеді. Сонымен қатар қазіргі уақытта қаржылық пайда алу мақсатындағы жалған жазбалардың нақты фактілері тіркелген жоқ, – деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + eleven =