Індетке – қатаң тосқауыл

0 28

Әлемді әбіржіткен індет көз ілеспес жылдамдықпен таралуда. 27 наурыздағы мәлімет бойынша, коронавирусты жұқтырған адамдар саны 537042-ге жетті. Соның ішінде 24110 адам көз жұмса, 123268 адам сауығып кеткен. Жұқтырғандардың саны бойынша алғашқы үштікке: АҚШ (85991), Қытай (81828) және Италия (80589) кіреді.Бұл індет Қазақстанды да айналып өтпеді. 27 наурыз­дағы ресми мәлімет бойынша, елімізде 125 адам жұқтырған. Соның ішінде 60 науқас елордада тіркелді. 2 адам (біреуі – нұр-сұлтандық) сауығып, 1 адам көз жұмды. Науқастар 11 өңірде тіркелді. Мемлекет індеттің таралуына тосқауыл қоюдың барлық жолдарын қарастырып, жедел іс-әрекетке көшті. ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында карантин тәртібін күшейту туралы ше­шім қабылдады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұқпалы дерттің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб 2020 жылдың 28 наурызынан бастап күшіне енетін қатаң іс-шаралар тізбесін бекітті. Бұл туралы 3-беттен толық оқи аласыздар.
Сонымен қатар мемлекеттік комиссия жұқпалы аурудың таралуын шектеу мақсатында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметінен басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың (меншік нысанына қарамастан) жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 2 =