Індет туралы ­мюзикл

0 21

«Астана Мюзикл» театры елорда тұрғындары мен қонақтарына «COVID-19» хореографиялық спектаклін ашық аспан астында ұсынды.«Қазақконцерт» ұйымына қарасты «Астана Мюзикл» театры өздерінің жаңа туындысын Кенесары хан ескерткішінің алдындағы ашық алаңда сахналады.
Іс-шараның мақсаты – сахна өнері арқылы халыққа карантин, сақтық шаралары және вакцинаның маңыздылығын жеткізу. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. Басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» құбылысы. Театр әртістері бұл қойылым арқылы өмірдің басты құндылықтарын, карантин кезіндегі адамдардың ішкі ой-толғанысын, пандемияда адамзаттың басына түскен қиындықтарды жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − eight =