©2020 Астана Ақшамы
ИММУНИЗАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Астана қаласында иммунизация апталығы басталады. Осы шараның өтуіне байланысты сауалдарымызға Астана қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Салтанат Әубәкірова жауап берді.
– Иммунизация апталығықай күндеріөтеді?
– Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымының бастамасымен бүкіл Еуропа және ТМД елдеріндеұйымдастырылатын кезекті иммунизация апталығы. Дәлірек айтсақ, иммунизация туралы ақпараттандыру акциясы. Яғни, осы кезеңдеәркімқандай ауруларғақарсы екпе алуқажеттілігі жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік алады. Соныменқатар, әрине, екпе жасатып алуына да болады. Астанада бұл шара 22-26 сәуір күндеріөтеді.
– Иммунизация шараларықайда жәнеқашан жүргізіледі?
– Иммунизация туралы ақпараттар алу, соныменқатар, екпе жасау тегінәріәркімгеқолжетімді болады. Осы мақсатта 55-68-35, 55-68-24 және 31-71-69 «жедел желі» телефондары жұмыс істейді. Қаладағы барлық емханаларда кезекші дәрігерлер де мән-жайды түсіндіреді. Ал, екпе жайлы айтар болсақ, қала тұрғындарыөздері бекітілген емханаларда, ал басқа аймақтардан келгендер немесе шетелдік азаматтар кез-келген емханаға келіп екпе жасатуына болады.
– Бұл шараны аурудың алдын алуға арналған акция десек бола ма?
– Солай десек те болатын шығар. Өйткені, иммунизация апталығы, алдымен, көптеген аурулардың алдын алу жөнінде ақпараттануға арналған науқан болмақ.