©2020 Астана Ақшамы
ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ
Сәуір айының соңғы онкүндігінде еліміз бойынша Иммундау апталығы өткізіледі.
2005 жылдан бастап Қазақстанда қолға алынған апталық кезінде әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцина жасауға және әлеуметтік топтарға ерекше көңіл бөлінеді.
Биыл иммунизация апталығы 24 сәуірі мен 30 сәуірі аралығында жүргізіледі. Акцияның мақсаты – халықтың иммунизация мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін жоғарылату, ата-аналар, діни консерваторлары арасында иммунизациялануды міндеттеу, осы жолмен адам денсаулығын сақтау.
Қазіргі таңда елімізге сырттан келушілер көп. Солардың ішінде Үндістан, Пәкістан, Ауғанстаннан келгендер жабайы полиомиелит, қызылшаны, пандемия тұмауын және басқа инфекциялық ауруларды Қазақстанға әкелу қаупін туғызады. Осыған орай, эпидемияға тұрақты жағдайды қалыптастыру үшін республикада бірнеше рет балалар мен жасөспірімдерді қызылша, қызамық, полиомиелитке қарсы қосымша вакцинациялау жүргізілуде.
Әрбір елде тұрғындарды белгілі бір инфекцияларға қарсы егуге арналған өзіндік тізім мен ұлттық күнтізбе бар. Қазақстанда вакцинациялау республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Астана қаласында алдын ала егулердің арқасында сіреспе, күл, полиомиелит, құтырма сынды инфекциялар көп кездеспейді.
Ал вакцинаның сапасына тұрғындар күмәнданбаса да болады. Иммундау үшін мемлекеттік тіркеудің қатаң сараптамасынан өткен вакциналар ғана қолданылады.
Вакцина арқылы алдын алуға болуған кейбір аурулардың кесірінен көптеген елдерде өлім-жітім болып жатыр. Әсіресе, сырқатты балалар тез жұқтырады. Ал иммундау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін құтқарып қалады. Сондықтан жұртшылық одан қауіптенбей, әсіресе, балаларын әртүрлі жұқпалардан сақтандырып алғаны жөн.
Қазақстанда вакцинация тегін жүргізіледі. Әрбір адамға, оның ішінде басқа елдерден келгендерге де қолжетімді. Иммундау аптасы кезінде вакцина алғысы келгендер жергілікті медициналық ұйымдарына барып, онда тіркелмегендеріне қарамастан, егіле алады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласының тұрғындарын өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық егулерді уақытында алуға шақырады.
Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ,
Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы