ІЛКІМДІ ІЛГЕРІЛЕУ КЕЗЕҢІ

0 83

Астана қаласының 2013 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына арнаған «Қазақ­стан-2050» стратегиясы: қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған басым­дықтарға және 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының іс-шара­ларына сәйкес әкімдік экономиканың нақты секторын кеңейту, әлеуметтік саланы дамыту және қала инфрақұрылымына инвестициялар тарту бойынша тәжірибелік жұмыстарды іске асыруда.

2013 жылдың 6 айында елорданы әлеуметтік – экономикалық дамытудың негізгі индикаторлары орындалды, сонымен қатар, жалпы 2013 жылға қойылған міндеттерді оңтайлы шешу үшін бар­лық мүмкіндіктер жасалған.

1. Қала экономикасын дамыту

2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаланың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлемі 609,3 млрд теңге болды. Бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 7,3 %-ға көп. Жалпы, Астананың үлесі – ЖІӨ-де 9 %. Бұл – республика бойынша үшінші көрсеткіш.

Адам басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 775,5 мың теңгеге немесе 5,1 мың АҚШ долларына жетті (ел бойынша орташа көрсеткіш 2,7 мың АҚШ доллары).

Өнеркәсіп өнімі көлемдерінің өсуі қамтамасыз етілді, ол 2013 жылдың есепті кезеңінде қолданыстағы бағада 124,2 млрд теңгеге жетті, сонымен бірге, 2012 жылдың тиісті кезеңінде физикалық көлем индексі 122,7%-ды құрады.

Өндірілген өнімнің жалпы көлемінен 100,9 млрд теңге өңдеуші өнеркәсіп үлесіне тиеді немесе 81,3 %, ал электр энергиясын өндіру және тарату, газ, бу және ауа баптағыштарды беру бойынша кәсіпорындардың үлесті салмағы 15,6%-ды құрайды.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша елордада жалпы сомасы 356,3 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылуда (5000 астам жұмыс орны), оның ішінде жалпы сомасы 4,5 млрд теңге 8 жобаны пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, қалған 6 жоба кестеге сәйкес, 2014 жылдың соңына дейін іске асырылады.

ҮИИДМБ бойынша осыған дейін жалпы сомасы 71,8 млрд теңгеге 10 жоба пайдалануға берілді, шамамен, 3000 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, әкімдік Индустриялық паркті дамыту бойынша жұмыстарды іске асыруда. Оның аумағында қазіргі уақытта жалпы инвестиция көлемі 177,9 млрд теңге 47 инвестициялық жоба іске асырылуда, қазіргі таңда 51,5 млрд теңге игерілді.
Жоспарланған өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің деңгейі қамтамасыз етілді, ол биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28 % өсумен 22,3 мың АҚШ долларын құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі бойынша елорда ел бойынша алдыңғы орындардың бірінде, оның үлесіне барлық тартылған инвестициялардың 8,6%-ы кіреді. Барлығы 2013 жылдың 6 айында қаланы дамытуға 195,3 млрд теңге тартылды. Инвестициялар құрылымында кәсіпорын, ұйымдардың және халықтың жеке қаражатының үлесі 49,9%-ды құрады, бюджет есебінен 65,9 млрд теңге тартылды. Ол инвестицияның жалпы көлемінің 33,8%-ына тең.

«Moody’s Investors Service” Халықаралық рейтинг агенттігі Астана қаласы әкімдігімен жасаған келісім шегінде зерттеулер жүргізді және рейтинг бойынша болжамды қайтадан бір пысықтады.

Сонымен, Агенттік ұсынған 2013 жылғы есепке сәйкес, Астана қаласының рейтингі болжамы «тұрақты» болжамнан «позитивті» болжамға ауысты, ал Ваа3 рейтингі бұрынғы деңгейінде сақталды. Болжамның өзгеруі серпінді дамып жатқан және әртараптандырылған қала экономикасының арқасында ағымдық көрсеткіштердің жақсаруына, қалалық бюджеттің профицитіне қол жеткізуге әсерін тигізді.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі тұрақты өсуде, ол 2013 жылдың І жартыжылдығында 121,9 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылы жеткен деңгейден 3,5% жоғары. Астана құрылыс үлесі бойынша 1-орында және еліміз бойынша құрылыс жұмыстарының 15,2%-ын орындайды, сонымен бірге, жеке құрылыс ұйымдарының аса жоғары үлес салмағы қамтамасыз етілген (75,4%), ал шетелдік мердігер ұйымдардың үлесі – 24,5%.

Барлығы 2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша халық, кәсіпорындар мен ұйымдар 144,9 млрд теңге сомасына негізгі құралдарды пайдалануға берді.

Тұрғын үй құрылысына есепті кезеңде 37,2 млрд теңге бағытталды, бұл 2012 жылғыдан 1,9 есеге жоғары, тұрғын үй құрылысындағы жеке инвестициялардың үлесті салмағы 75,5%-ды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда, олар 2,4 есеге көтерілді.

Жартыжылдықта пайдалануға жалпы аумағы 364,3 мың шаршы метр 3 465 пәтер (үй) берілді, сонымен бірге, алты ай бойы жалпы аумағы 45,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілді.

Қазіргі уақытта салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің және жеке тұрғын үй құрылысы алаптарын қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп, жобалар әзірленді және инженерлік желілерді жүргізу үшін қаржы бөлінді.

Көліктік – коммуникациялық кешен тұрақты түрде дамуда. Жүк тасымалы көлемі 52,7 млн тоннаны құрады. Жалпы жүк айналымы 3 143,1 млн т/км жетті. 2012 жылмен салыстырғанда, 10,6 %-ға артық жүк тасылды.

Қаланың жолаушылар көлігі кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, 941,1 млн жолау­шыны тасыды, оның ішінде жалпы қолданыстағы қоғамдық көлікпен 166,9 млн адам қатынады.

Бірінші жартыжылдықта шамамен 10 км жаңа автожолдар салынып, 5 км жолағы жаңартылды.

Телекоммуникация саласында ақпараттық технологиялар енгізілуде. Барлығы қаланың байланыс кәсіпорындары есепті кезеңде 70 млрд теңге сомасына қызмет көрсетті.

Көтерме және бөлшек сауда айна­лым­дарының оң серпіні 2013 жылдың 1 шіл­десіндегі жағдайында барлық іске асыру жолдары бойынша бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 248,3 млрд теңгені құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда, 26,2 %-ға ұлғайды.

2013 жылғы маусымдағы инфляцияның жалпы көлемі 2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 101,7%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына индекс – 102,1%, азық-түліктік емес тауарлар – 101,4%, тарифтер мен ақылы қызметтер – 101,6%. Инфляция деңгейі 2013 жылдың мамыр-маусымына қатысты 99,7%-ды құрады.

Елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету мақсатында ағымдағы жылы 4 көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Онда жылына 29 мың тонна өнім сақталады. Жылына 3,5 мың тонна өндіретін 3 жылыжай кешені салынуда.

Шағын және орта бизнес серпінді түрде дамуда. ЖӨӨ құрылымындағы оның үлесі – шамамен, 50 %. Бұл жерде жыл сайын 60% жаңа жұмыс орындары ашылуда. Барлығы осы салада 179,7 мың адам жұмыспен қамтылды, олар 1,1%-ға өсіп, 602,6 млрд теңгеге өнім өн­дірді және қызмет көрсетті.

Анықтама үшін шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған әрбір адамға елордада өндірілген өнімнің 6,3 млн теңгесі тиесілі (респуб­лика бойынша орта есеппен 1,6 млн теңге).

Әкімдік шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 1 041 млн теңге бөлді.

Экономиканың нақты секторында бірінші жартыжылдықта барлығы 9 619 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде шағын бизнес саласында – 6 598 орын.

2. Әлеуметтік сала басымдықтарын іске асыру

2013 жылғы бюджет азаматтардың аз қамтылған санатын әлеуметтік қолдау бойынша іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мәселесі анықталды. Жергілікті бюжеттен бөлінетін әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2013 жылдың басынан бастап 1 245,8 млн теңгені құрады, 42,5 млн теңге сомасына тұрғын үйлік жәрдемақылар төлемі жасалды, атаулы әлеуметтік көмек – 10,1 млн теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы – 14,1 млн теңге.

Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 5,5 %-ды құрады, 2012 жылы 5,7 % болған.
Сонымен қоса, өңірлік еңбек нарығында және халықты жұмыспен қамтуда жұмыс орындарына сұраныс пен ұсыныстың белгілі арақатынасы сақталғандығын айта кету қажет.

2013 жылғы 1 шілдедегі дерекке сүйенсек, қаланың жұмыспен қамту қызметінің деректер базасында 1,3 мыңға жуық бос орын және бос жұмыс орындары бар. Алайда, техникалық және кәсіптік дайындықты талап ететін (құрылыс, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық саласы) жұмыс орындары қажет етілмей қалып отыр.

Есептік кезеңде тіркелген жұ­мыс­сыздардың экономикалық белсенді халыққа шаққандағы үлесі 1,1%-ды құрайды.
Халықтың табысы біршама өсті. Жұ­мыскерлердің орташа айлық еңбекақысы 146,5 мың теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға артты.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы зерттеу деректері бойынша биыл 3%-ға өсті.

Тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық бағаның өзгергендігін ескере отырып, сатып алу қабілетін сипаттайтын нақты еңбекақы индексі 2012 жылдың деңгейіне 101,6 %-ды құрады.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша күнкөріс минимумының көлемі 21 672 теңгені құрады, 2012 жылы ол 19 998 теңге мөлшерінде болған еді.

Экономиканың және әлеуметтік саланың серпінді дамуы аясында қала халқы көші-қонының және табиғи өсуінің оң қарқыны сақталуда.

Табиғи өсу есебінен биыл қала халқы 8 909 адамға, көші-қонның өсуінен – 5 668 адамға көбейді, туылғандардың саны артты, өлім-жітім азайды.

Қаланың білім беру саласына 2013 жылы 33,9 млрд теңге жұмсалды – бұл, жаңа нысандарды, ғимараттарды жөндеуді және материалдық-оқу базасын нығайтуды ескере отырып, білім беру қызметінің сапасы және қолжетімділігі мәселелерін шешуге ықпал етті.

2013 жылы 1 480 орындық 6 мектепке дейінгі білім беру нысаны және 1 200 орындық 1 мектеп іске қосылды.
Осылайша, «Балапан» бағдарламасы шең­беріндегі мемлекеттік тапсырысты ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды қамту 62,0%-ға дейін ұлғайды.

Ағымдағы жылы тапшылықты қысқарту үшін 12 балабақша, сондай-ақ, 7 мектеп құрылысы жүзеге асырылуда.

Кәсіби-техникалық білім беру нысандарына қатысты айтар болсақ, биыл Тілендиев даңғылы бойында 800 орындық құрылыс бейіні бойынша колледждің құрылысы аяқталады. Одан басқа, Бөгенбай батыр даңғылы бойынан 800 орындық байланыс және энергиямен қамтамасыз ету бейіні бойынша колледждің құрылысы басталып, сондай-ақ, 1200 орындық техникалық колледждің құрылысына жоба әзірленген, оған болашақта Техникалық колледж (бұрынғы № 4 кәсіптік лицей) көшірілетін болады. Есептік кезеңде 8 мектеп пен 1 колледжге күрделі жөндеу жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласында қолданылып жатқан шаралар І жартыжылдықта 1000 адамға шаққанда туылу көрсеткішінің 2012 жылғы 24,38-ден 26,63-ке дейін өсуіне, 1000 адамға шаққанда жалпы өлім-жітімнің 2012 жылғы 4,82-ден 4,55-ке дейін азаюына, сәби өлімінің 1000 тірі туылған балаға шаққанда 9,0-ден 8,3-ке дейін азаюына, қан айналымы жүйесінің ауруларымен алғаш ауырудың 7,5% төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

2013 жылы ауысымда 350 келушіні қабылдауға арналған амбулаториялық-емханалық кешенді және ауысымда 150 келушіні қабылдауға арналған балалар емханасын қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

Елдің мәдени орталығының имиджін растау мақсатында, елордада Классикалық опера және балет театрының бірегей ғимараты енгізілді. Халық үшін мәдени құндылықтар мен қызметтердің қолжетімділігі біршама өсті – есептік кезеңде 3 581 іс-шара өткізілді, 1,2 млн-нан астам мәдениет қызметтерін тұтынушыларға қызмет көрсетілді.

Дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты қамту жоспарлы 18,4%-дан 20,6%-ға дейін ұлғайды.

Қоғамдық тәртіп пен ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қатысты, қылмыстарды ашуда полицияның күші мен құралдарын кешенді пайдалану көмегімен аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейін 79,3%-ға дейін арттыруға қол жеткізілді. ЖКО-ға жол бермеу бойынша жедел-алдын алу іс-шараларын тұрақты өткізу 10 мың бірлік автокөлікке шаққанда ЖКО санын 10 оқиғаға дейін төмендетуге (2012 жылдың I жартыжылдығында – 17,7) ықпал етті.

3. ІІ жартыжылдыққа қойылатын міндеттер

Жылдың соңына дейін экономиканы дамытудың оң нәтижелерін нығайту үшін әкімдік келесі бағыттар бойынша жұмысты жалғастыратын болады:

1. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын; Астана қаласын 2030 жылға дейін ор­нықты дамыту стратегиясын; Астана қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2. Экономикадағы, әлеуметтік саладағы оң қарқынды нығайту, Астана қаласы экономикасының 7% өсуіне қол жеткізуге бағытталған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасын іске асыру (2015 жылдың соңына дейін 14 жобаны іске асыру жоспарланған);
4. Индустриялық парк аумағында 47 инвестициялық жобаны әрі қарай іске асыру;
5. Астана қаласын ұлттық және өңірлік деңгейде инновациялық ХАБ ретінде ілгері жылжыту. «Смарт Астана» тұ­жырымдамасын іске асыру.
6. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде бизнес-бастамаларды қолдау және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту;
7. Азық-түлік қауіпсіздігін және негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету шеңберінде: азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтау саласында жаңа кәсіпорындар құру, сондай-ақ, астаналық агломерацияны дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу;
8.Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;
9. Халықты жұмыспен қамтуды қам­тамасыз ету саласында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру;
10. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша дайындық жұмыстары шеңберінде іс-шаралар өткізу;
11.Инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 1 =