IKOMEK-ке жүгінетіндер көп

0 52

Елорда тұрғындары iKOMEK-ке жыл басынан бері бір миллионнан астам өтініш берді.Бүгінгі таңда iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіреді және тұрғындармен байланыс орнатудың бірыңғай құралы болып саналады. iKOMEK сервисін жыл сайын 600 мыңнан астам елорда тұрғыны пайдаланады. Орталық ашылған күннен бері 6 миллионға жуық өтініш қабылданды. Осылайша iKOMEK орталығы:
2017 жылы – 200 мың өтініш;
2018 жылы – 1 037 мың өтініш;
2019 жылы – 1 670 мың өтініш;
2020 жылы 2 197 мың өтініш қабылдады.
Осы жылдың бес айы ішінде 1 миллионнан астам өтініш келіп түскен. Қала тұрғындары арасында денсаулық сақтау (емханаға тіркелу, дәрігерді үйге шақыру және т.б.), қоғамдық көлік (жұмыс режимі, бағдарлар және төлем тәсілдері бойынша сұрақтар), індет (екпені қайдан алады, симптоматика, жұмыс кестесі) сияқты үш мәселе өзекті.
Өтініштердің 86,3% «бірінші қоңыраудан», яғни хабарласқан сәтте шешіледі. «iKOMEK – үздік халықаралық практикаларды, атап айтқанда, АҚШ тәжірибесін мемлекеттік басқару саласында енгізудің жарқын үлгісі. Біз қала тұрғындарымен өзара байланыс орнату және тұрғындарды қала дамуына жұмылдыру үшін ТМД-дағы бірегей жобаны жасап шығардық. АҚШ мұндай үлгіні (3-1-1 және 9-1-1) 28 жыл ішінде енгізді, ал біз бұл тәжірибені 6 ай ішінде енгіздік. Халықаралық сарапшылар біздің командамызға үш жыл қатарынан «Хрусталь гарнитура» табыстап, iKOMEK жұмысына жоғары баға берді. Дегенмен, ең бастысы, тұрғындардың оң пікірі мен алғысын алдық» дейді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
iKOMEK109-ға келіп түсетін өтініштер санының өсуі тұрғындардың елорда дамуына белсене атсалысатынын білдіреді. Әрбір қала тұрғыны iKOMEK-ке жүгінсе, кері байланыс алатынын біледі. Бастысы, шет қалмау керек: суретке түсіріп, мекенжайды көрсете отырып, проблеманы жеткізсе болды. Өтініштерді қабылдау нәтижесінде әрбір проблема бойынша байланыс орнатылады және түрлі формада жауап (қайта қоңырау шалу және т.б.) беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + thirteen =