«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Иіс тиген балаларға қауіп жоқ

0 178

Ойыл көшесіндегі жатақханада орын алған өрт салдарынан зардап шеккен балалар ауруханадан ертең шығады. Бұл туралы қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов мәлім етті.

«9 ақпан түні жедел жәрдем бригадасы аурухананың қабылдау бөліміне 2006, 2009, 2012 және 2013 жылы туған ағайынды балаларды жеткізді. Абырой болғанда, балалардың денесін күйік шалмаған, олар тек иісті газдан уланған» деді Біржан Досмаилов.
Оның айтуына қарағанда, ауруханаға түскенде балалардың жағдайы орташа болған. Ауруханада олар интоксикациялық синдромнан арылуға көмектесетін симптоматикалық және патогенетикалық ем қабылдаған. Балалардың жағдайы тұрақтанған соң ағайындылардың екеуін анасы үйіне алып кеткен.
«Қазір 2 баланың да жағдайы жақсы. Ертең немесе бүрсігүні балалар ауруханадан шығады» деді бас дәрігер.
Еске салайық, 9 ақпанда сағат 21:12-де Астананың ТЖД-нің 101 пультіне Байқоңыр ауданына қарасты Ойыл көшесіндегі екі қабатты жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Өрт сағат 21:52-де ауыздықталып, сағат 22:16-да толықтай өшірілді. Алдын ала болжамдарға сәйкес, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды