ХОККЕЙШІЛЕР КУБОКҚА ТАЛАСАДЫ

0 192

9-13 тамыз аралығында шайбалы хоккейден Президент Кубогі үшін халықаралық турнир жалауын көтереді.

Шайбалы хоккейден Қазақстан федерациясының бас директоры Юрий Зверевтің айтуынша, турнир­ге қатысатын бес команда анықталды. Олар елорданың «Барысы», Ресейдің «Югра» мен «СКА» хок­кей клубтары, Өскеменнің «Қазцинк- Торпедо» командасы және Қазақстан ұлттық құрамасы. Бақталастар 4 күн бойы айналмалы жүйе бойынша өзара мықтыны анықтайды. Алғаш болып мұз айдынында «СКА» мен Қазақстан құрамасы күш сынасады. «Барыстың» бірінші қарсыласы – ресейлік «Югра».

«Барыс» хоккей клубының президенті Вадим Шақшақбаевтың сөзіне қарағанда, ойынның ең тар­тысты деген матчтары жанкүйерлер көп жиналуы үшін демалыс күндері болмақ. «Билеттердің сатылымы қарқынды екенін атап өту керек. Даярлықтың барлық қамы жасал­ды»,– деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + 18 =