Хирургтер съезі өтеді

0 88

22-24 тамызда елордада Қазақстанның қан тамырлары кардио-хирургтері қоғамының бірінші съезі өтеді.

Ол кездері №1 қалалық емхана мен Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының базасында шеберлік сыныптары мен операциялар ұйымдастырылады. Съез жұмысына Ресей, Өзбекстан, Литва, Израиль, Германия және Қазақстан елдерінің халықаралық сарапшылары қатысады. Қазақстанның кардио-хирургтері қоғамының алғашқы съезі түрлі емдеу әдістерінің нәтижелерін бағалауға және салыстыруға, қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен, стратегиясымен және тактикасымен танысуға мүмкіндік береді. Аталған іс-шара барысында қазақстандық және шетелдік жетекші мамандардан шынайы ақпарат алып, теориялық және іс жүзінде тәжірибе алмасуға болады.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 9 =