Хельсинкиде жеңіске жетті

0 24

Құрлықтық хоккей лигасы ел намысын қорғайтын елордалық «Барыс» Хельсинкиде жергілікті «Йокерит» командасын 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Нұр-Сұлтанда өткізген соңғы екі матчта «Ак Барс» және «Салават Юлаев» командаларынан ұтылып қалған елордалықтар сырт алаңда өткізген екі ойында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуанта білді. Финляндия астанасына келгенше Хабаровск қаласында «Амурды» ұтқан еді. Енді «Йокеритті» жеңіп, чемпионаттың плей-офф аймағына көтерілді.
Бүгін елордалықтар Мәскеуде «Динамо» командасымен кездессе, 23 қаңтарда Подольск қаласында «Витязь» командасымен ойнайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =