Харьковте Абайға ескерткіш орнатылады

0 20

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаевтың Харьков қалалық кеңесінің хатшысы Игорь Тереховпен кездесуінен кейін мәлім болды. Іссапар барысында қаланың орталық алаңдарының біріне ұлы Абайдың ескерткіші орнатылатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Кездесуде мүсінші Сейфаддин Құрбанов ескерткіштің жобасымен таныстырды. Бұл жоба ескерткіш-триптих түрінде жасалған. Мүсінші бұл еңбегін «Өмір ағашы» деп атады. Ескерткіштің орта тұсында хакім Абай бейнеленген. Ұлы ақынның қос қапталында Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен Әзербайжанның ағартушы, философы Мырза Фатали Ахундовтың кескіндері әдіптелген. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 4 метр. Гүлзардың аумағы – 2543 шаршы метр.
Ол Харьковтегі халық ең көп жүретін, демалыс аймағындағы көрнекі жерде орналасқан. Төңірегі субұрқақтармен қоршалып, жасыл желектермен көмкерілген. «Бұл ескерткішті біздің украин бауырларымыздың қазақ халқына, қазақ тарихы мен руханиятына көрсетілген шексіз құрметі ретінде қабыл аламыз» деді Д.Кәлетаев қала басшылығының бастамасына ризашылығын білдіріп.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 5 =