©2020 Астана Ақшамы
«Халыққа көмек» – біріккен жоба
Қала әкімі Бақыт Сұлтановтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтанда iKOMEK109 қалалық орталығы мен «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімін біріктіру аясында «Халыққа көмек» жобасы іске қосылды.
Бірлескен жоба ағымдағы жылдың ақпан айында «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан әлеуметтік саясатты іске асыруға толық мүмкіндік береді. Жаңа әлеуметтік саясат халықтың әлсіз топтарының табысы мен әл-ауқатын арттыруға, атап айтқанда, көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларды, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қолдауға, денсаулық сақтау саласын дамытуға, бизнес пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, жергілікті жолдар желісін жөндеуге, салуға және кеңейтуге бағытталған.
Енді «Нұр Отан» партиясы астаналық филиалының қоғамдық қабылдауына азаматтардан келіп түскен өтініштер iKOMEK109 өтініштер жүйесінде автоматты түрде тіркеледі. Елордалық iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының мүмкіндіктерін пайдалану халықпен кері байланыстың мықты жүйесін қалыптастыруға көмектеседі.
Айта кетсек, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы өткен жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Былтыр миллионнан аса өтініш қабылданды. Орталыққа күн сайын 5 мыңнан 14 мыңға дейін өтініш келіп түседі. Олардың атқарылу пайызы 99 пайызды құрайды. Биылғы жыл басынан бері 500 мыңнан аса өтініш қабылданған.