«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Халықаралық турнир өтті

0 97

Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Олимпиада ойындарының және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы қатысты.Үш күнге созылған жарыс­та 2001-2003 жылғы жас балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынады.
Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 5 алтын, 3 күміс, 13 қола жүлдемен Қазақстан жастар құрамасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен Грузия құрамасы иеленсе, үздік үштікті 1 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдемен өзбекстандық балуандар түйіндеді.
Жарысқа келген шет елдік команда өкілдері турнирдің ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.
«Біз бұл турнирге үшінші жыл қатарынан қатысып келеміз. Былтыр карантин салдарынан жарысқа қатыса алмадық. Осы жолы өзіміздің мықты құраманы алып келдік. Себебі бұл турнир – Еуропа чемпионатының алдындағы дайындық турнирі. Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлығы ойдағыдай өтті. Ұйымдастырушыларға рахмет!» деді Грузия жастар құрамасының бапкері Гогеля Томаз.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Карантин талаптарына сай жанкүйерсіз ұйымдастырылған жарыс Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды