Халықаралық турнир өтеді

0 189

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-9 мамыр күндері грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен екі жүз елуден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − eleven =