©2020 Астана Ақшамы
Халықаралық мәртебенің маңызы
Қазақстан тарихта тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттілігін орындауға кіріседі. Осы ретте, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ерекше көрменің тұсауы кесілді.
Бұл мемлекетімізді әлемдік деңгейде танылуына және БҰҰ мүше-мемлекеттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселелерін насихаттауға арналып отыр. Осы арқылы маңызды құжаттармен таныстырылып, көрмеге келушілермен осы оқиғаға қатысты әңгімелер қозғалды.
Халықаралық мәртебеге ие болған Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету барысында көптеген жауапкершілікті жүктей алады. Мәселен, экономикалық санкцияларға немесе ұжымдық әскери әрекеттерге қатысты шешім қабылдап, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатын болады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету жоғары халықаралық мәртебе болып табылады.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің аясындағы алғашқы алқалы жиыны 18 қаңтарда өтеді.