Халықаралық конференция өтеді

0 11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияға қатысады.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жолдарын, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктердің басым бағыттарын және көміртегі бейтараптығына көшу үшін қомақты қаражат жұмылдырудың маңыздылығын талқылау. Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам, қаржы институттары, даму жөніндегі серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − three =