Халықаралық авторизация алды

0 127

Елімізде алғашқы мемлекеттік мектеп Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша авторизация алды. Ол – елордадағы №81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы.Бүгінгі күнге дейін Халықаралық бакалавриат мектебінің мәртебесі Қазақстанда тек 9 білім беру ұйымдарына берілген еді. Олар, негізінен, жекеменшік мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептері. № 81 мектеп осы тізімде 10-орынға ие болды және авторизация алған алғашқы мемлекеттік мектеп болып саналады. Авторизациядан өту үшін мектепке Халықаралық бакалавриаттың өкілдері бірнеше рет келіп, олардың халықаралық мәртебеге сәйкестігін тексерген. Тексеру процесі мектеп қауымдастығының барлық мүшелерімен сұхбаттасу және кездесулер түрінде өтті. Осы комиссиядан оң шешім алғаннан кейін ғана мектеп Халықаралық бакалавриаттың Дүниежүзілік мектебі деген дәрежені алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 19 =