«Халық үшін тәрбие – тұтас дүние»

0 165

Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін оның сәби­лік шағынан бойына сіңіріп, ойы­на ұялату, сол арқылы ізгілікке тәр­биелеу – қай күннің болмасын басты өзекті мәселесі. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қам­тамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағ­дарламасы Қазақстан Рес­публи­касы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтарындағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қа­зақстанның жаңа мүм­кіндіктері» атты Жолдауында атап көр­сетіл­гендей, мектепке дейінгі тәрбие мен ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санынан 74 пайызын қамтамасыз ету болып табылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мем­лекеттік деңгейде іске асырылуы.

Атақты ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәр­бие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деп тегін айтпаса керек.

Осы орайда балабақшамызда атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Балаларды ата-анасын құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, Отанын сүюге, ұжымдық еңбекке, елін, жерін қастерлеуге, айнала­мен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейміз. Сонымен бірге имандылық, рақымдылық, кіші­пейілдік, ізеттілік, әділдік, қана­ғатшылдықтың алғы шарттары да осы біздің балабақшамызда қа­лыптасады. Осы сезімдерді әңгіме, тақпақ, өлеңдер, ойындар мен ертегілер арқылы бала бойына қалыптастырамыз.

Балабақшамызда тәрбие ұйы­мының меңгерушісі Р.Рахим­жа­нованың басшылығымен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби ше­бер­ліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен атсалысып, жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етіп отырады. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және тәрбие үрдісі жайында ата-анамен үнемі бір­лескен ынтымақты негізде жұмыс істейді.

Гулбакира Өміртаева,
№17 «Ер-Төстік»
балабақша әдіскері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 4 =