Халық қалаулысының төсбелгісі тапсырылды

0 130

20120816182403

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Оның жұмысына Астана әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен елордалық мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәсе­ле­ге байланысты қалалық сайлау­ комис­сия­сының хатшысы­ В.Пытьева сөз сөйлеп, №12 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындысы туралы мәлімдеді. Сайлауға қатысуға он үш кандидаттың тіркелгенін айта келе, комиссия хатшысы үстіміздегі жылдың 27 қазанында өткен сайлау қорытындысы бойынша олардың арасында көпшілік дауыспен Сапар Ахметовтың жеңіске жеткенін айтты. Осыған орай, жаңадан сайланған халық қалаулысына депутаттық төсбелгісі мен куәлік тапсырылғаннан кейін қалалық мәслихаттың депутаттары әріптестерін құттықтап, игі тілектерін білдірді.
Одан әрі депутаттар жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын бірауыздан мақұлдады.

IMG_4964
Сонымен бірге Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Астана қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, «Құрылыс материалдары» пилоттық кластері үйлестіру кеңесінің құрамына және Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы «Астана­ қаласында коғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияны құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, депутаттардың келісімімен мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына С.Ахметов сайланса, А.Ким өз өтініші бойынша құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + eight =