Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Халық бірлігі – үлкен бақыт

0 328

«Қазақ елі» монументі алдында 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған халықтық серуен мен мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараны тамашалауға арнайы келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын бірлік мерекесімен құттықтады.

– Құрметті отандастар! Сіздерді біздің қазақстандық бренд, халқымыздың бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тоталитарлық режим кезінде қазақтың даласына 550 мыңға тарта солтүстік кавказдықтар, миллионға жуық неміс пен ұйғыр, кәрістер, украиндықтар еркінен тыс көшіп келді. Оларды мұнда келген соң құрып кетеді деп есептесе керек. Бірақ олай болған жоқ. Жергілікті қазақ халқының бауырмалдылығының арқасында біз жұдырықтай жұмылып, аяқтан тік тұрдық, тәуелсіз мемлекет құрдық. Татулықтың арқасында біз бір бағытта, біріккен күшпен өмір сүріп жатырмыз. Бірлігіміз үйлесіп, барлығына қол жеткізіп келеміз. Бүгінде дамудың даңғыл жолына түстік. Жыл сайын адамдардың өмірін жақсартуды басты назарда ұстап, түрлі бағдарламаларды жария еттік. Мысалы, менің бес бастамамда жас отбасыларын баспанамен қамту, тұрғын үй шартын жақсарту, елді газдандыру, салықты төмендету сияқты жұмыстар қолға алынуда. Дәл осы жауапкершіліктің арқасында дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін жүктедік. Осы жолдан таймасақ, әлі де талай белесті бағындырамыз. Біз – біртұтас халықпыз, бір-бірімізді құрметтейміз әрі жақсы көреміз, ортақ Конституция мен заңдарға бағынамыз. Ал тату болу, дос болу, бір-бірін құрметтеу – ол үлкен бақыт. Сол бақытты қадірлей білейік, аға­йын! – деген Нұрсұлтан Назарбаев барша халықты әрдайым тату болуға шақырып, әр отбасыға бақ-береке мен амандық тіледі.
Алаңға жиналған жұртшылыққа «Рухани жаңғыру – бірлік пен тұтастық негізі» атты астаналық ұлттық-мәдени шығармашылық ұжым мен мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері, отандық эстрада жұлдыздары театрландырылған қойылым ұсынып, ән мен күйден шашу шашты. Сонымен қатар, көрермен қауым Ресейден келген Турецкий хорының өнерін тамашалады. Мерекелік шарада қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату сияқты ұлттық спорт ойындары төрге шығып, кір тасын көтеру мен қол күрестен жарыс ұйымдастырылды.

Нұрдәулет КӘКІШТЕГІ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды