©2020 Астана Ақшамы
ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – БАСТЫ ҚАЗЫНА
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Астана қаласының барлық негізгі алаңдарында ауқымды іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Ең басты шара 18 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болмақ. Сондай-ақ, мерекеге орай қалалық шығармашылық ұжымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың қатысуымен «Қазақ елі» алаңында мерекелік концерт, халықтық серуен ұйымдастырылады.
Бұдан басқа, Астанада 1 мамыр мейрамы қарсаңында М.Горький атындағы орыс драма театрында Қазақстан халқының достығы фестивалі, Қырғызстан Республикасы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қырғызстан суретшілерінің көрмесі, мемлекеттік тілді меңгерген түрлі ұлыс өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл бізді біріктіреді» дөңгелек үстелі және мерекелік флэшмобтар өтеді.