Халифа Алтай Ұлытауға келгенде

Сурет сыры

0 98

Ұлытауды ұлықтау шаралары әр заманда күн тәртібінен түскен емес. Кешегі Кеңестік кезеңде де Ұлытау аймағы туристік тартымдылығы жоғары бағыттардың бірі еді. Ал осы Ұлытауға шет елдік қонақтардың ең алғаш табан тіреген уақыты – 1992 жылдың қыркүйегі.

Тап сол жылы, яғни, тәуелсіздіктің таң сәрісінде елімізде Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өткен болатын. Ұлыстың ұлы жиынына әлемнің әр түкпірінен жүздеген қандасымыз лек-легімен келген еді. Бір аптаға созылған мерейлі шара Ұлытаудан басталып, Түркістан мен Алматыда жалғасын тапты. Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын Ұлытаудағы хан ордасының басында тарихқа таңбаланған мына суреттің авторы, белгілі жезқазғандық фотошебер Бекет Түбекұлы ағамыз.
Сол жолы ғұлама ғалым, діни ағартушы Халифа Алтайдың қасында болып, терең ғибратты әңгімелерін тыңдаған сәулелі сәттер әлі де жадымда. Абыз ақсақалдың өз қолымен тапсырған «Құран Кәрімнің» бір данасы шаңырағымның төрінде тұр.

Әшімхан ЖАМПЕЙІСОВ,
журналист

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + fourteen =