Хабарландыру

0 110

«Болашақ энергиясы» тақырыбымен халықаралық мамандандырылған «EXPO- 2017» көрмесі 2017 жылы Астанада өткізілетіні белгілі.

«Астана-ЕХРО-2017» Ұлттық компаниясы» және Астана қаласының әкімдігі «ЭКСПО-2017» көрмесі кешенінің ең үздік эскиз-идеясына, соның ішінде, Қазақстан Республикасы Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» рәмізіне айналатын нысанға халықаралық тапсырыстағы архитектуралық конкурс жариялайтынын хабарлайды. Аталмыш конкурстың мақсаты жоғарыда атап көрсетілген нысандардың тұжырымдамалық, архитектуралық және қала құрылысына тән шешімдері мен идеяларын таңдау болып табылады.

Біз аталмыш конкурсқа қатысуға ұйымның атауы мен мекенжайы көрсетілген, архитектор мамандығы бойынша іс-тәжірибені жүзеге асыруға кәсіби құқық беретін сертификаты (лицензиясы) бар жетекші сәулетшілерді шақырамыз. Конкурс 2013 жылғы 18 ақпаннан 18 маусымға дейінгі мерзімде өтеді.

Конкурстың жүлделік қоры: 1-ші орынға – 15,0 млн теңге.

Конкурқа қатысу үшін өтініштер 2013 жылдың 10 наурызына дейін main@astanagenplan.kz и danusik88@mail.ru электрондық мекен-жайлар бойынша қабылданып, кейін тілек білдірушілерге конкурс жайында мәліметтер жолданатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + 16 =