Гүлмен көмкерілген мереке

0 33

8 наурыз мерекесі қарсаңында «1001 қызғалдақ» шарасы басталды.

– Нұр-Сұлтан қаласының «Астана жастары» еріктілер штабы мереке қарсаңында елордалық қыз-келіншектерді құттықтау үшін дәстүрлі «1001 қызғалдақ» акциясын бастадық. Шарамызға белсенділік танытып жатқан гүл саудасындағы қызметкерлер мен кәсіпкерлерге және еріктілер штабына алғысымыз шексіз, – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Тастемір Ақұлан.
Осылайша жастардың қолдауымен базарда және дүкендерде сатушы болып жұмыс істейтін әйелдер қауымына гүл тарту етіліп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Биыл еріктілермен бірге нәзік жандыларға гүл үлестіруге «SOS» балалар қалашығының тәрбиеленушілері де қатысты. Ұйымдас­тырушылар мұндай шаралар балаларды әлеуметтендіруге және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді деп санайды. Аталмыш шара 3 күнге жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 3 =