Гүл сыйлайық, әйелге…

0 25

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында елордалық волонтерлер «Көктем шуағы» шарассын бастады. Еріктілер 5-8 наурыз күндері өтетін акция барысында аяулы арулар мен аналарға мыңнан аса қызғалдақ гүлін сыйлайды.Шара қала халқы көп жүретін «Астаналық» сауда орталығы мен «Тұлпар» сауда үйі аумағынан басталды. Волонтерлер сауда орталығының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Акцияға 20 ерікті қатысты. Соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын волонтерлер де бар.
8 наурызға дейін жал­ғасатын шара шеңберінде волонтерлер гүлдерді коммуналдық сала, мәдениет, медицина және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, жалпы әртүрлі салаларда еңбектенетін әйелдерге таратады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды