Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Гүл шоқтарын қойды

0 259

1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыста жарақат алып, қаза болған ақмолалық жауынгерлер жерленген қорымда гүл себеттері мен «Даңқ гүл шоқтарын» қою рәсімі өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін марқұмдарды еске алу шарасында соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қаза болған марқұмдардың туыстары, Астана қаласы әкімдігінің қыз­меткерлері, қо­ғамдық және жастар ұйым­дарының өкілдері қатысты. Шара барысында ардагерлер мен С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» респуб­ли­калық мектебінің ұландары салтанатпен сап түзеп өтіп, ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.
– Келер ұрпақтың бейбіт өмір сүруіне, Отанын қорғау­ға және одан кейінгі өмірде салтанатты өмір сүру үшін шыбын жандарын қиған жауынгерлерді ерекше құрметпен еске аламыз. Осы Ақмола өңірінен сұрапыл соғысқа аттанғандардың ішінен отыз жауынгер Кеңес одағының батыры атанды. Олардың ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. О дүниелік болған ерлік иелері мен бүгінгі көзі тірі ардагерлерімізге Астана қаласы әкімдігінің және қала тұрғындарының атынан басымызды иіп, алғыс айтамыз. Мереке құтты болсын! – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Қазіргі таңда тоқсаннан аса ардагер мен үш мыңға жуық тыл еңбеккері елорданы мекен етуде. Айта кету керек, барша астаналық ардагерлерге еліміздегі шипажайларға тегін жолдама беріліп, оларға коммуналды-тұрмыстық қыз­меттерді өтеу үшін ай сайын қаржылай және әлеу­меттік көмек көрсетіледі. Мысалы, биыл қалалық мәслихаттың шешімімен барлық Отан соғысының ардагерлеріне 500 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық кө­мек берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды