Гүл болмыс

0 119

Қолына қалам ұстап, сөздің сорабына түскен қауымның қай-қайсысы да нәзік жандыларды гүлге теңейді. Біз де сол дәстүрден жаңыла қояйық па, Табиғат-ананың, Жараталыстың  өзі болмыстарын туыс қылса. Дүниеде мың-миллион түрлі гүлді өсімдік бар, бірақ олар сырт сипатына, нәсіліне қарай негізінен бес санатқа кіреді екен.

Біріншісі, Әсем гүлдер (раушан, қалампыр, т.б.)… «Қазақтың кез келген ауылынан Венера Милос­скаяны кезіктіруге болады» де­генді жазирамызды шарлаған бір жиһанкез айтып кеткен екен.

Екіншісі, тағамдық гүлдер (пияз, сарымсақ, имбирь)… «Астың дәмін келтірген тұз әулие, елдің сәнін кел­тірген қыз әулие» дейді. Қазан-оша­ғына бөтенді араластыр­май, шын ниетімен жасаған дәмді асымен елдің, ерінің батасын алып жүрген әйелдер – қарын­­дас­та­ры­­мыз, апала­рымыз, анала­­ры­мыз қандай асыл жандар еді!

Тех­ни­калық гүлді өсімдіктер бар. Ши, құрақ, зығыр, қоза… Олар да бүр жарып, күлтелі гүл тағынады. Нәзік жанды еке­ніне қара­мастан, өздеріне тән емес жұмыс істеп, тір­ші­­лік­тің тау­сыл­мас тау­қыметін кө­те­ріп жүрген қазақ әйелдері­нің қайрат­керлігіне қалай бас имессің?
Әйтпесе Шай­шөп, жөке, шүйін­шөп, қалампыр сияқты дәрілік гүлді өсім­діктер болады. Сол сияқ­ты жадау кү­ніңде жар­қыра­тып, арық кү­ніңде арқы­ра­тып отыратын жа­ны­­­мыздың емі, демі – әйел­дер. Өтірік дей алмас едік.

Осы бізге бәй­­мәлімдеу, көк­­темнің ор­­­та шеніне қа­­рай гүл­дей­­­тін дәс­түр­гүл деген ерек­ше өсімдік бар екен. Грекше – B. Perennіs. «Ғажап, Ғажайып» деген мағына­ны білдіреді аудар­масы. Орта ға­сыр­ларда дәс­түр­гүл­мен рухани азғындыққа ұшыраған адамдарды емдеген деседі. Біздің азғындамауымызды, ру­ха­ни кеселге ірге бермеуі­мізді ойлайтын ана­лар­ды осы өсімдікпен салыс­тыр­сақ болады екен.
Жалпы, қазақ арула­ры­на қандай әдемі те­ңеу, жылы сөз арна­­саң да, артық емес. Оған қазақ қыздары­ның зи­па бойы әбден лайық.

«Әлди-әлди, бөпем-ай» деп, бесік­те­гі үш айлық сәбиін тербе­тіп­­ отырған Ұлдан мен жары Қуаныш Қасым­бе­ков­­­тар­­дың­ бар арманы да, мұраты да бас­па­на екен. Жиырма сегіз жасқа енді ғана тол­ған ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп отыр. Сымбат, Зарина,­ Ұл­бол­­сын­­ есі­м­ді алғашқы үшеуі – қыз. Кен­же­­сі Укаша – өмірге келуін асыға күткен ұл­ы. Шекесі торсықтай сәбидің ныспысын­ оң­түс­тік­ өңірде ғұмыр кешкен кәдімгі әулие, батыр Ука­ша атаның құрметіне қойған ырымдап. Бір ауылда, бір көшеде тұрған олар мек­теп­ті­ де бірге тәмамдапты. Үйлерінің арасын­да­ бір-ақ үй екен. Көп ұзамай шаңырақ құр­а­ды.­ Қуаныш пен Ұлдан да өздері секіл­ді­ жас­­тар­­дың­­ қа­тарын толықтырып, Ас­та­на­ға­ жол сала­ды. «Бізді мұнда ешкім күтіп отыр­ған жоқ еді. Шынтуайтында, күнкөріс қамын күйттеп келдік. Жеті жыл болды, бас­па­на­ мұңы – бас қайғымыз. Ай сайын пәтер ау­ыс­­тыр­­ған кездеріміз болған. Қа­қа­­ған­ қыс­та­ бөл­ме­міз­дің қабырғасында, әй­не­гінде мұз қатып қалған күндерді де өткердік. Әйтеуір, жол­да­сым­ның қолынан келмейтіні жоқ. Со­ның­ алтын қолы, бес аспаптығы асырап от­ыр­ған» дейді Ұлдан. Отағасының сөзіне сенсек, жас отбасы осы уақытқа дейін жи­ыр­­ма­дан­ аса­ пәтер жалдап үлгеріпті. «Әр бар­ған­ бас­па-­на­мыз­дың бәрі таза, жайлы бола бермейді. Бірінің іші ақталмаған, бірінің жарығы жоқ, бірінің суы жоқ… Қайта жөндеп, қиналуға тура келеді. Өйткені, өзіміз де арзанқол ба­ға­ға­ іздейміз ғой, ал арзан бағалы үй алқам-сал­қам­ келеді» дейді олар.

P.S. Біз шаңырағына бас сұққан жас от­ба­­сы­лардың бәрінде бір проблема бар, ол – балабақша кезегі. Елордада бұл ба­ғыт­та қыруар шаруа атқарылып жатса да,­ кезектегі бүлдіршіндер саны алпыс мың­нан­ кем емес көрінеді.

Лайым, тұрмыстың қиындығы мен маша­қа­тына төзімді, «бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті» тербеткен алтын құрсақ аналар көбейе берсін.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 7 =