Горбачев – тоқсанның төрінде

0 75

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алып держава КСРО-ның тұңғыш және соңғы президенті болған Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Н.Назарбаев өз құттықтауында КСРО экс-президентінің мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екенін атап өтті.
«Әлем тарихына едәуір әсер еткен үлкен өзгерістер сіздің есімізбен байланысты. Мерей­тойыңызды күш-қуатыңыз сарқылмаған күйде қарсы алып, қажетті қоғамдық, гуманитарлық және ағартуға қатысты жобаларды жүзеге асырып, жұмысты жалғастырып жатқаныңыз қуантады. Біздің достық әрі сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалаймын» делінген құттықтауда.
Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевке зор денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке тіледі.
Михаил Сергеевич Горбачев 1931 жылы 2 наурызда Ставрополь өлкесінде туған. 1978-1985 жылдары Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің хатшысы, 1985-1991 жылдары Бас хатшысы болды. 1990 жылдың 15 наурызында КСРО Президенті болып сайланды. 1991 жылдың 25 желтоқсанында телеүндеу жасап, Президент қыз­метінен кеткенін мәлімдеді, сөйтіп КСРО тарады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + 18 =