ГОЛОВКИН ГИЛМЕН ГҮРЗІЛЕСПЕК

0 127

golovkin1

Головкиннің келесі жекпе-жегі 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының «Madison Square Garden» (MSG) аренасында өтетіні белгілі болды.

WBA Головкинді австралиялық Джарод Флетчермен кездесуге міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза болмай, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады.

Егер Гилмен арадағы келіссөздер сәтті аяқталса, жекпе-жек «MSG»-дің 20 мың адамға арналған аренасында өтеді. Қазақстандық боксшының алдыңғы кездесулері «Madison Square Garden»-нің 5600 көрермен сыятын театрында өткен болатын.

Айта кетер жайт, Гена екінші орта салмаққа ауысуға және осы салмақтағы боксшылармен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол 31 мамыр күні, WBA мен IBF біріктірілген Карл Фроч пен Джордж Гроувс жекпе-жегінің жеңімпазымен және осы дивизионның мықты боксшысы саналатын Андре Уордпен де жекпе-жекке шығуға әзір екенін айтуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − sixteen =