ГИЛ ГЕНАНЫ ТОҚТАТА АЛМАДЫ

0 115

Генадий Головкин - Гил

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деуші еді қазақ. Солай болды да. Гена боксшымыз кезекті қарсыласын қуып жүріп сабады.

Кездесу алдында әлемдегі бірнеше спорт сарапшылары қазақ боксшысының бүгінге дейінгі жетістіктерін кездейсоқтыққа балап, австралиялық Даниэл Гилдің жеңісіне сенім білдірген болатын. Бірақ Головкин барлығының аузына құм құйып, күллі әлемнің көз алдында қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберді. Кәсіпқой бокста жүріп қарсыласын әуесқой бокстың уақытында сұлатып түсіру әркімнің қолынан келе бермесі анық.

Бірінші бөлім барысында ауыр соққыдан нокдаун алған Гил қабағын жарып алған болатын. Содан кейін-ақ оның жағдайы белгілі болды, Гена шабуылды үсті-үстіне үдете түсу арқылы ақыры дегеніне жетті. Отыз екі жасар қазақстандық спортшы осымен кәсіпқой бокстағы 30-ыншы жеңісіне жетіп отыр. Оның 27-сін уақытынан бұрын аяқтаған.

Дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + ten =