Ғасырлар пернесіндегі әуен

0 27

29 сәуір күні аса көрнекті музыкатанушы, әйгілі композитор, ҚазКСР халық әртісі, өнертану ғылымдарының докторы, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл толды. Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармония­сы тұлғаның мерейтойына арнап «Ғасырлар пернесі» атты онлайн концерт өткізді.Қазақтың классикалық музыкасының бастауында тұрған адамның бірі де, бірегейі – Ахмет Жұбанов. 1934 жылы атағы алысқа жайылған Құрманғазы оркестрін құрып, кейіннен Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлттық консерваторияның негізі қалануына атсалысты. Осы консерваторияның ректоры болды.
Ал композитор ретінде үлкен туындысы – Латиф Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» операсы. Бұған қоса, «Төлеген Тоқтаров» операсын туындатты. «Құрманғазы» операсын бастап, оны аяқтауға ғұмыры жетпеді. Қызы, белгілі композитор Ғазиза Жұбанова осы туындыны аяқтады. Ахмет Жұбановтың ел арасында танымал әні «Қарлығаш» аталады.
Концертте оның шығармаларын астаналық филармонияның қазақ оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Азамат Жылтыркөзов, басқа да әншілер, домбырашылар Жанар Жүсіпова, Ботагөз Тәшімова орындады. «Шалқыма» халық би ансамблі мен «Туған жер» балалар мен жасөспірімдер студиясы өнер көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 14 =