ҒАШЫҚ БОЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

0 99

Астаналық фармацевт Ержан Күшіков ғажап дәрі ойлап тапты. Ол дәрі-дәрмекті пайдаланғандар бірінші кездескен адамына ғашық болып қалады екен.

«Қазір мен патенттік құжаттамаларды әзірлеудемін. Дәрінің құрамында адам миына әсер етіп, оны ғашықтық сезімге жетелейтін гормондар бар. Дәрі-дәрмекті құраушы заттар ретінде жүрек ауруларын емдеуге арналған дәрілер қолданылды. Адамның бойы балқып, ғашықтық күйге түсу үшін бір ғана таблетка жеткілікті» дейді фармацевт.

Ең алдымен, тәжірибе тышқандарға жүргізілген. Е.Күшіковтің айтуынша, дәрінің дәмін татқан кеміргіштер арасында жақындық пайда болып, оларды бір-бірінен айырса, тамақтан бас тартып отырған. Фармацевттің айтуынша, дәрі өзіңе ғашық еткің келген адаммен жақын қарым-қатынаста болғанда ғана әсер етеді екен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − six =