Ғарышқа суретшілер көзқарасы

0 90

Биыл адамзаттың ғарышты бағындырғанына 60 жыл толды. Ал алдағы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров­тің ғарышқа самғағанына 30 жыл болады. Елорданың «Москва» бизнес-орталығында ашылған «Ғарышқа жол» көрмесі осы елеулі оқиғаларға арналды.

Аталмыш көрме екі бөлімге бөлінді. Оның алғашқысы «Космонавтика музейі» деп аталса, екіншісі «Борт журналы» атауын иелінді. Бұл халықаралық жоба десек те болады. Себебі көрмеге Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Италия, Швейцария, Литва елдері өнер шеберлерінің түрлі жанрдағы 50-ден астам туындысы қойылды.
Жоба үйлестірушісі Ольга Скальчуктың айтуынша, экспозицияда бейнероликтер, мүсіндер, түрлі қондырғылар, фотосуреттер мен кескіндемелер, космонавтика музейі ұсынған фотодеректер, құжаттар қамтылған.
Қазақстан тарапынан көрмеге Абылай Мұрашбеков, Айдана Құлахметова, Әйгерім Мәжитхан, Бақыт Бүбіханова, Асхат Ахмедияров, Арыстанбек Шалбаев, Саида Атабекова сынды суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстары қойылды. Осы жерде Ольга Дидковская (Украина), Тася Василькова, Дима Верже (Ресей), Петер Аершман (Швейцария), Маттео Тарамелли, Дж. Каррара (Италия), Адомас Валантинас (Литва) туындыларын көруге болады.
Бұл көрмені «Москва» бизнес-орталығының үшінші қабатынан 25 қазанға дейін тамашалауға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 2 =