«Ғарышқа барып, тәуелсіздік сұрап алып келді»

0 130

Бүгін – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтың Байқоңырдан ғарышқа ұшқан күні. Осыдан тура он жеті жыл бұрын, 1991 жылдың 2 қазанында Тоқтар ағамыз «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілген еді.

Соған орай, «Астана ақшамы» газетінің атынан біздің тілшілеріміз ғарышкерді құттықтап барып, шағын мерекелік кештің куәсі болып қайтты.

Батырды үзеңгілес достары, туыстары құттықтап келген екен.

Ақ тілектер легі ақтарылып жатқанда: «Тоқтар ағамыз 1991 жылы тәуелсіздік алмай тұрып, ғарышқа ұшып, қазақтың бағын жақты. 2 қазан күні ғарышқа барып, бір апта жүріп, бізге Алладан тәуелсіздік сұрап алып келді. Сөйтіп, 25 қазанда Тәуелсіздік декларациясы қабылданды», – деді белгілі кәсіпкер Марат Нәбиев әзіл-шынын араластырып.

Біздің газетіміздің тілшілері ғарышкерге Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, этнодизайнер, «hazifa» брендінің негізін қалаушы Қазипа Қалиқызы өз қолымен дайындап ұсынған сәлемдемесін табыстады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды