Ғалым мұрасын дәріптеді

0 61

Елбасы кітапханасы Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай жалпы білім беретін елорда мектептерінің 7-11-сынып оқушылары арасында өткізген «Ұлы даланың ұлық тұлғасы» тақырыбында үздік эссе байқауының жеңімпаздарын анықтады.

Қабылдау жұмысының қорытындысына сәйкес, 100-ден астам жұмыс қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылып, сканерленген. Жеңімпаздарды конкурс комиссиясының мүшелері ашық дауыс беру арқылы анықтады.
Сонымен 7-9-сыныптар арасында бірінші орынды №37 мектеп-гимназия­сының оқушысы Әдемі Амиреева жеңіп алды. Екінші орынды №68 мектеп-гимназиясының оқушысы Айым Әбдікәрім мен №53 мектеп-лицейінің оқушысы Назира Арапбаева иеленді. Үшінші орын – №64 мектеп-лицейінің оқушысы Самғат Азатқызы, №73 мектеп-лице­йінің оқушысы Аружан Хамзина, №50 мектеп-лицейінің оқушысы Қыз Жібек Есенбекова және №10 мектеп-гимназияның оқушысы Қалима Төлеутаеваға бұйырды. Ал 10-11-сыныптар аралығында №50 мектеп-лицейінің оқушысы Әзел Алтынбекова топ жарса, екінші орынды – №74 мектеп-гимназиясының оқушысы Измира Қонысова, №50 мектеп-лицейінің оқушысы Гүлнұр Дінмұхаммедова және №68 мектеп-гимназиясының оқушысы Дилназ Сапарбекова алды. Үшінші орынды №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрдана Тұмарбек пен №71 мектеп-лицейінің оқушысы Әсел Әбдікәрімова қанағат тұтты.
Сонымен қатар «Ғылыми ізденіс шеберлігі үшін», «Ұшқыр ойлылығы үшін» аталымдары бойынша да жеңімпаздар марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + ten =